425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Отанына оралудан бас тартқан Беларусь спортшысы Польша елшілігінде қалмақ

  • 203
  • UPD: 17:42, 02.08.2021
Отанына оралудан бас тартқан Беларусь спортшысы Польша елшілігінде қалмақ

Отанына оралудан бас тартқан Беларусь спортшысы Кристина Тимановская Жапониядағы Польша елшілігінде қалатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін Жапония полициясының күзетуімен ұшаққа отырып, елден кетпек екен. Бұл туралы Риа Новости агенттігі хабарлады. Айта кетейік, 2 тамызда Тимановская 200 метр қашықтыққа жүгіру жарысы қатысуы керектін. Алайда құрама өкілдері оны жібермей қойған. Себебі оның алдында Кристина 400 метрлік эстафета құрамасына енгізілгені үшін Беларусьтің спорт шенеуніктерін сынап тастаған болатын. Осыдан кейін құрама өкілдері спортшыны үйге қайтару туралы шешім қабылдап, оны күштеп әкетпек болған. Алайда спортшы Жапония полициясы мен Халықаралық Олимпиада комитетінен көмек сұрап, депортацияланбады

Хабар 24 телеарнасы