Олимпиадада тағы 17 адамнан коронавирус анықталды

Олимпиада ойындарында вирус жұқтыру деректері күн өткен сайын артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, өткен тәулікте қауіпті инфекция тағы 17 адамнан анықталды. Бұл туралы жарыс ұйымдастырушылары мәлімдеді. Осылайша, бүгінге дейін бас-аяғы 281 Олимпиада қатысушысынан коронавирус анықталып отыр.

Айта кетейік, қазір Токио қаласында төтенше жағдай режимі орнаған. Оған шаһардағы эпидахуалдың нашарлап кетуі себеп болды.

Сондай-ақ...