Олимпиадаға қатысып жатқан тағы 18 адамнан коронавирус анықталды

Токиодағы (Жапония) жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары бүгін Олимпиадаға қытысып жатқан 18 адамнан коронавирус анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайыстың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл тізімде бір спортшы бар. Қалған 17-сі ерікті, журналист, мердігерлер мен қызметкерлер.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында осы уақытқа дейін 299 адам коронавирус жұқтырды.