Олимпиадада жүлделі орыннан өзге орын алған спортшыларымызға сыйақы беріледі

Олимпиада ойындары аяқталып үлгірген жоқ. Ал спорттық порталдар атлеттеріміздің сыйақысын есептеп қойды. Біздің елде жүлдегерлерден бөлек төртінші, бесінші және алтыншы орын алғандарға да қомақты төлем қарастырылған. Мысалы, 4-орынға тұрақтаған теннисшіміз Елена Рыбакинаға 30 мың АҚШ доллары табысталады. Ал спорттық гимнастика бойынша жалпы есепте бесінші тұрған Милад Карими 10 мың доллар сыйақы алады. Бұған қоса қоржында 3 қола бар. Сәйкесінше әрқайсысына 75 мың доллардан қарастырылған. Осылайша дәл қазіргі таңда спортшылармызға ел бюджетінен бас-аяғы 265 мың доллар берілуі керек. Бұған қоса боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев қазір жартылай финалға өтті. Бұл кемінде 1 медаль болады деген сөз. Жүлде күтіп отырған басқа былғары қолғап шеберлеріміз бүгін шаршы алаңға шығады.

Грек-рим күресінен жүлде жоқ

Токио төрінде күрестен іріктеу сындары жалғасып жатыр. Бүгін 87 келіге дейінгілер боз кілемге шықты. Бұл сында ел намысын Нұрсұлтан Тұрсынов қорғаған. Ол алғашқы айналымда германиялық палуанға есе жіберді. Кейін қарсыласы ширек финалда венгриялық спортшыдан ұтылды. Сәйкесінше Тұрсынов жұбаныш белсеуіне де қатыса алмайды деген сөз. Осылайша грек-рим күресі бойынша олимпиадаға жолдама алғаш 3 жерлесіміз де алғашқы айналымнан әрі аса алмай елге қайтқалы отыр. Айта кетейік, бұған дейін 60 келдіге дейінгілер арасында Мейрамбек Айнағұлов пен 77 келдігі Демеу Жадраевтар белдескен болатын.  

Г.Манюрова: Олимпиадаға жүлде үшін келдік

Олимиадаға жүлде үшін келдік. Қазақстан әйелдер күресі федерацияның вице-президенті Гүзел Манюрова онлайн байланыстқа шығып, жазғы ойындардағы жерлестеріміздің жағдайын айтты. Ел намысын қорғап жатқан қыздардың бабы жақсы. Салмаққа, тамақтануға немесе климатиқа үйренісуге қатысты мәселе жоқ. Әрқайсысының жүлде алуға мүмкіндігі бар дейді Олимпиада ойындарының жүлдегері. Ал 76 келідге дейінгі салмақтағы Эльмира Сыздықованың жеңілісін өз өзіне деген сеніммен түсіндірді. Яғни жерлесіміз қырғыз қызын олимпиада алдында ғана ұтқан. Осы фактор қатты әсер етті. Бұған қоса Эльмира салмағын ауыстырды. Ол да физикалық тұрғыда спортшыға ауыр тиді. Енді жарыс алаңына екі қызымыз шығады. 53 келідге дейінгілер арасында Татьяна Аманжол және 50 келіге дейінгілер арасында Валентина Исламова жүлдеге қол созады.

Гүзел Манюрова, Қазақстан әйелдер күресі федерацияның вице-президенті:

- Олимпиадаға барлығы жүлде үшін келеді. Біз де осындай мақсат қойдық. Оған қыздардың әлеуеті жетеді. Дайындық барысы жақсы өтті. Лицензиялық турнирлерге қатыстық. Карантиндік талаптарды сақтадық. Олимпиадада сенсация көп болады. Сондықтан әр салмақтың мықтыларынан қаймықпау қажет. Керісінше жеңіске деген ұмтылыс танытып, күтпеген нәтиже тіркеуге болады. Мен өз қыздарымызға сенемін.

Токио-2020: Алтын жүлдені бөліп алды

Бір бәсеке, екі чемпион. Токио олимпиадасында ерекше жағдай тіркелді. Ерлер арасындағы биіктікке секіру жарысында катарлық Мутаз Эссе Баршим мен италиялық Жанмарко Тамбери алтын жүлдені бөліп алды. Өйткені екеуі де бірдей нәтиже көрсетті. 2 метр 37 сантиметрді бағындырды. Одан кейінгі мүмкіндіктерін мүлт жіберді. Яғни, олар 6 мәрте 2 метр 39 сантиметрге секіруге тырысқан. Болмағасын төрешілер ақылдаса келе қос спортшыны да чемпион деп таныды. Үздік үштікті Беларусь өкілі түйіндеді.

Айта кетейік, бұндай жағдай соңғы рет 1912 жылы тіркеліпті.