Бублик пен Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстан командасының үздігі Александр Бублик 39-орнын сақтап қалды. Михаил Кукушкин бес сатыға сырғып, 132-орынға тұрақтады.

Ерлер арасында Новак Джокович (Сербия)  көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Даниил Медведев, үшінші сатыда испандық Рафаэль Надаль.

Әйелдер командасының үздігі Елена Рыбакина 20-орында. Юлия Путинцева 35-сатыға оралса, Зарина Дияс ТОП-100 қатарынан шығып қалды.

Рейтингте австралиялық Эшли Барти көш бастап тұр. Екінші орында ­– жапониялық Наоми Осака, үшінші сатыда Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан.