Токио-2020: грузин спортшысы допингпен ұсталды  

Токио Олимпиадасында допингке қатысты тағы жанжал шықты.

Грузиндік спортшы бүгін ядро лақтырудан жарысқа қатысуы керек еді. Алайда тапсырған тесті оның тыйым салынған заттарды қолданғанын көрсеткен. Енді атлет жарыстан шеттетілді.

Бұған дейін Нигериядан келген қатысушының да басы дауға қалған болатын. 200 метрге жүгіру алдында спортшы қыздың гормондар қолданғаны анықталды.

Бұған дейін Ресейден келген қатысушылар да тыйым салынған затты пайдаланған болуы мүмкін деген әңгімелер айтылған. Алайда халықаралық олимпиада комитетінің өкілі ресейлік ателттердің ешбірінің тесті оң нәтиже көрсетпегенін жеткізді.

Станислав Поздняков, Ресей олимпиада комитетінің президенті:

– Мұндай әңгіме айтқандардың көбі ресейлік спортшылар допингсіз өнер көрсете алмайды деген еді. Алайда біздің атлеттер тек сөзімен ғана емес, ісімен де олай еместігін дәлелдей алды.

TOKYO 2020: 2000 СПОРТШЫ ДОПИНГКЕ ТЕСТ ТАПСЫРҒАН   

Жалпы Токиодағы Олимпиада ойындарында 2 мың спортшы допингте тест тапсырған екен. Арасында америкалық, ресейлік, австриялық және британдық аттелттер көп көрінеді.

TOKYO 2020: ГРЕКИЯНЫҢ СИНХРОНДЫ ЖҮЗУДЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСПАЙДЫ     

Грек жүзгігтері де жарысқа қатыспайды. Алайда оған допингтің қатысы жоқ. Бұл коронавирусқа байланысты. Кеше спортшы қыздардың біреуінің, ал бүгін тағы үшеуінің тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті. Сөйтіп ұйымдастыру комитеті бүкіл құрама жарысқа қатыспайды деген шешім қабылдады. Ал қыздар олимпиада қалашығынан карантиндік қонақ үйге жіберілді.

TOKYO 2020: НЕМІС БАПКЕРІ АФРИКАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА НЕ ДЕДІ?   

Енді бір жанжал спортшыларға емес, жаттықтырушыларға қатысты. Велоспорттан неміс бапкері жарыс кезінде өз шәкірттеріне қолдау көрсетіп, Алжир мен Эритериядан келген қатысушыларға қатысты «мына түйекештерден басып озыңдар» деген. Кейіннен ол эмоцияға беріліп кеткенін айтып, кешірім сұраған. Алайда Германияның велоспорт федерациясы жаттықтырушының бұл әрекеті олимпиада ойындарының құндылықтарына сай келмейтінін мәлімдеп, бапкер үйіне қайтарылды.

TOKYO 2020: ІШІМДІК ІШКЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ  

Атлеттерге қатысты тағы бір жанжал шықты. Токиода алкогольді ішімдік ішіп, санитарлық талапты бұзған спортшылар қатаң ескерту алды. Аталған дерекке байланысты тергеу ісі жалғасып жатыр. Естеріңізге салайық, өткен жұма күні  Олимпиада ауылындағы саябақта бірнеше спортшы топ болып жиналып, көңіл көтерген. Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің баспасөз хатшысы бұл іске, қатысы барлардың анықталғанын айтады. Әзірге олардың есімі мен қай елден келгені жарияланбай отыр.

Маса Такая Токио 2020 ұйымдастыру комитетінің ресми өкілі:

–  Тамыздың 30-ынан 31-іне қараған түні болған оқиғаға қатысты тергеу ісін жүргіздік. Тәртіп бұзғандардың нақты кім екені анықталды. Атлеттерге қатаң ескерту жарияланды. Ұлттық олимпиада комитеті болған жайтқа байланысты жазбаша түрде кешірім сұрады. Ал ойынға қатысқан спортшылар дереу еліне қайту керек. Оларға өз елінде тиісті шара қолданылады.

TOKYO 2020: ВИРУС ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕКТЕРІ 300-ГЕ ТАЯП ҚАЛДЫ     

Жалпы, атлеттерге бөлмесінде отырып, бір өздеріне алкогольдік ішімдік ішуге рұқсат етілген. Алайда топтасуға тыйым салынған. Өйткені бұл коронавирусқа қатысты сақтық ережелеріне қайшы келеді. Вирус демекші, кейінгі тәулікте Олимпиадада тағы 18 адамның тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті. Сөйтіп расталған деректер саны 300-ге жуықтады. Ұйымдастырушылар бұл өте төмен көрсеткіш екенін айтады. Өйткені 1 шілдеден бастап шамамен 500 мың тест жасалса, расталған оқиғалар соның бір процентіне де жетпейді екен.

 

Сондай-ақ...