Токио-2020: Ришат Хайбуллин іріктеуден өте алмады

Токиодағы Олимпиада ойындарында спорттық құзға өрмелеуден іріктеу турнирі аяқталды деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған спорт түрінде Қазақстан намысын Ришат Хайбуллин қорғаған болатын. Іріктеуге қатысушылар жылдамдық, қиындық және боулдеринг бойынша сынға түсті. 

Ришат жылдамдық бойынша төртінші орын алса, боулдерингте 17-ші, қиындық бойынша 13-ші орын алды. 

Қорытынды есепте Ришат Хайбуллин 11-ші сатыға тұрақтап, финалға өте алған жоқ. Ақтық сында сегіз спортшы бақ сынайды. 

 

Сондай-ақ...