425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нашар нәтиже үшін кешірім сұраймын – бас бапкер Бақтияр Байсейітов

  • 115
  • UPD: 09:47, 05.08.2021
Нашар нәтиже үшін кешірім сұраймын – бас бапкер Бақтияр Байсейітов

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов балуандардың Олимпиада ойындарындағы нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

«Демеуов 30 секунд шыдағанда жеңіске жететін еді. Оған басыңды берме деп айттық. Бірақ жапониялық қарсыласы басын ұстап алды. Сөйтіп жеңіліп қалды. Нұрсұлтанда төрт жылдық үзіліс болды. Бұл жігітке тәжірибе жетіспеді. Ол негізі жақсы күресті. Дегенмен төрешілер тарапынан қателік болды. 

Мұндай нәтиже үшін барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бұлай болғаны, әрине, өкінішті. Жігіттерді бұл Олимпиадаға бабында апаруға маған уақыт жетпей қалды», – деді Байсейітов. 

Ал Сәпиев бұл көрсеткішке өкінбей, қалған жігіттерімізге қолдау білдіру керегін айтты. Ол сонымен қатар спортшылар мен бапкерлердің болашағына байланысты шешім Олимпиада аяқталып, сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болатынын мәлімдеді. 

«Уақыттың алдына түсіп, шешім шығарудың қажеті жоқ. Олимпиада әлі бітпеді. Алайда Олимпиада аяқталып, барлығы Қазақстанға қайтқаннан кейін біз кездесу өткізіп, жарыстың қорытындысын шығарамыз», – деді Сәпиев. 

Еске салайық, Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен Қазақстанның үш балуаны қатысты. Бірақ Мейрамбек Айнағұлов (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) және Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) та бірінші айналымнан аса алмады.

Хабар 24 телеарнасы