Наталья Сергеева байдаркада есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты

Токиода байдарка мен каноэде есуден жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында байдаркада есуден 500 м қашықтық бойынша Қазақстан сапынан Наталья Сергеева қатысты. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ол тиісті қашықтықты 2:01.374 уақытта бағындырып, жетінші орыннан көрінді. Мұндай көрсеткіш отандасымыздың ширек финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді.