Беларусь олимпиадалық құрамасының тағы бір спортшысы Отанына оралудан бас тартты

Беларусь олимпиадалық құрамасының тағы бір жеңіл атлет спортшысы Яна Максимова Отанына оралудан бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұл шешімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қазір спортшы күйеуімен бірге Германияда. Ол Беларусьқа барса бостандығынан ғана емес, өмірінен де айырылатынын жазған. Атлет енді неміс елінде жүріп туған Отанындағы қысым көрген жақындарының бостандығы үшін күресетінін жеткізді.

32 жастағы Яна Максимова – көпсайыс бойынша Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. Оның күйеуі Андрей Кравченко 2008 жылғы Олимпиада ойындарында он сайыс бойынша екінші орын алған.