Токио 2020: Қазақстандық боксшылар антирекордты қайталады

Қазақстандық боксшылар антирекордты қайталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ірктеу сындарының нәтижесінде 2 боксшымыз ғана жартылай финалға өтті. Бұндай жағдай тәуелсіздік алған жылдардан бері бір рет қана болған. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 2 спортшымыз ақтық сындарға шығып, 1 алтын мен 1 күміс еншілеген еді. Қалған Олимпиададарда кемінде 3 жерлесіміз жартылай финалға шығып жүр. Ал, өткен Рио Олимпиадасында көрсеткіш тіпті 5-еуге жетті. Ал, ең нәтижелі Олимпиада деп 2000 жылғы Сидней ойындарын айтуға болады. Қазақстан құрамасы 2 алтын және 2 күміс жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгілер арасында Сәкен Бибосынов пен 91 келден жоғарғылар арасындағы Қамшыбек Қоңқабаев жарысты жалғастырып жатыр. Қалған жігіттер елге қайтты.