Ауыр атлетика: өзбекстандық спортшы Олимпиадада рекорд жаңартты

Өзбекстандық Акбар Джураев Олимпиада рекордын жаңартты.

Токио төрінде 109 келіге дейінгі ауыр атлеттер өзара мықтыны анықтаған. Бұл сында өзбек спортшысы топ жарды. Ол серпе көтеруде 237 келіні басынан асырды. Ал жалпы есепте 430 келіні бағындырды. Екеуі де рекорд. Яғни Джураев жазғы ойындардағы қос көрсеткішті жаңартып, өз салмағында чемпион атанды. Үздік үштікті Армения мен Латвияның өкілдері түйіндеді.

Айта кетейік, Қазқастан құрамасы допинг дауларына байланысты олимпиадаға 2 ауыр атлет қана апарды және екеуі де қола жүлдегер атанды. Жарыстың алғашқы күндері жеңіл салмақтағы Игорь Сон одан кейін әйелдер арасында Зульфия Чиншанло жеңіс тұғырына көтерілді.