425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токио Олимпиадасы: Қайсанов, Батырмурзаев және Аманжолдың алғашқы қарсыластары белгілі болды

  • 218
  • UPD: 12:01, 04.08.2021
Токио Олимпиадасы: Қайсанов, Батырмурзаев және Аманжолдың алғашқы қарсыластары белгілі болды Olympic.kz

Токиода күрес түрлері бойынша бәсекелер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

5 тамыз күні Токио бозкілемінде белдесетін балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Ертең еркін күрестен 74 және 125 келі салмақ дәрежесінда, ал әйелдер күресінен 53 келідегі балуандар өзара мықтыны анықтайды. 

74 келідк ел намысын Данияр Қайсанов қорғайды. Оның алғашқы қарсыласы жапониялық Кейсуке Отогуро болмақ. 

Ал 125 келіде Юсуп Батырмурзаев алғашқы белдесуін германиялық  Геннадий Гудиновичке қарсы өткізеді.

Әйелдер арасында 53 келіде Қазақстан сапынан Татьяна Ахметова-Аманжол кілемге шығады. Ол1/8 финалда Роксана Засинамен (Польша) кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы