Сергей Пономарев Олимпиаданың іріктеу турнирінен аса алмады

Токио Олимпиадасында тректегі велоспорттан іріктеу кезеңі басталды. Бүгін спринт бойынша келесі айналымға өтетін спортшылар анықталды деп жазады Olympic.kz. 

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Сергей Пономарев қорғаған болатын. Өкінішке қарай, Сергей 1/32 айналымға өтетін 24 спортшының қатарына енген жоқ. 

Ол 29-орыннан көрініп, жарысты аяқтады. 

Көш басында Нидерланд және Ұлыбритания спортшылары орналасқан.