425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токио-2020: әйелдер күресінен Татьяна Ахметова алғашқы айналымда қарсыласынан ұтылды

  • 147
Токио-2020: әйелдер күресінен Татьяна Ахметова алғашқы айналымда қарсыласынан ұтылды Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында әйелдер күресі бойынша жарыстар жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасынан Татьяна Ахметова кілемге шықты, деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 53 келіде бозкілемге шыққан Татьяна Ахметова алғашқы айналымда қарсыласына жол берді. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, Польша спортшысы Роксана Марта Засинадан 3:2 есебімен жеңілді. 

Айта кетерлігі, Польша өкілі Роксана Марта Засина финалға шыққан жағдайда отандасымыз Татьяна Ахметова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады. 

 

Хабар 24 телеарнасы