Токио-2020: британдық спортшы көзінен айырылып қала жаздады

Британдық спортшы Эктор Пардо Токио олимпиадасында 10 шақырымға жүзуде көзіне зақым келгенін айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

Британдық спортшы көзінен жарақат алып, жарысты мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болған. Айтуынша, қарсыласының шынтағынан ауыр соққы алған. Дереу көмек сұрап, жүзуді аяқтауға мәжбүр болған.

«Көзім, көзім деп айқай салдым! Соңғы айналымда шынтағымен көзімнен ұрып жіберді. Көзім қанталап кетті, одан айырылып қалам ба деп ойладым. Ештеңе көрмей қалды», – деді Пардо ВВС басылымына берген сұхбатында.