Олимпиадада Covid-19 жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді

Токио Олимпиадасында бір күнде ковид жұқтырғандар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

Жазғы Ойындарды ұйымдастыру комитетінің есебі бойынша, бүгін 31 адамнан коронавирус анықталған. Арасында Грекия құрамасының спортшысы бар. Ол синхронды жүзу жарысына қатысуға келген. Осы спорт түрі бойынша науқастар қатары 6 адам болды. Жалпы ковид жұқтырғандар саны 353-ке жеткен.

Негізі Жапон астанасында эпидахуалдың ушығуына байланысты тамыз айының аяғына дейін төтенше жағдай жарияланған.