423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында 444 мың тұрғын вакцина салдырды

  • 150
  • UPD: 22:24, 05.08.2021

Түркістан облысында жылжымалы вакциналау пункттері жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирусқа қарсы екпе алу үшін емхана мен ауруханаға барудың қажеті жоқ. Арнайы жабдықталған автобустарда мобильді топтар қызмет көрсетеді. Олар қала мен ауылдарды аралап, екпе алушыларға қолайлы жағдай жасады.

Түркістан облысында жылжымалы вакциналау пункттері жұмыс істеп тұр. Коронавирусқа қарсы екпе алу үшін емхана мен ауруханаға барудың қажеті жоқ. Арнайы жабдықталған автобустарда мобильді топтар қызмет көрсетеді. Олар қала мен ауылдарды аралап, екпе алушыларға қолайлы жағдай жасады.

Облыста вирусқа қарсы екпе алушылар қатары күн санап көбейіп жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, вакцинаның екі бірдей компонентін алғандар саны 444 мыңға жетті. Бұл Түркістан облысындағы ересек тұрғындардың жартысынан көбін құрайды.

Роза Бабаева, Кентау қаласының тұрғыны:

- Мен өз еркіммен қабылдағанмын, вакцина салдырғанмын. Бірінші вакцинадан кейін жақсы жағдайым, өте тамаша қалде болдым. Еш жерім ауырмады. Енді 21 күннен кейін екіншісін алайын деп отырмын.

«Кейде вакцинаның өзі коронавирустан толық қорғай алмаса да, сырқаттың жеңіл өтуіне септігін тигізеді», - дейді дәрігерлер.

Гүлмира Қыпшақбаева, дәрігер-инфекционист:

- Вакцина алмаған тұрғындар арасында аурушаңдықтың көбеюі білінуде. Яғни, олардың арасында қаулы бойынша вакцина алуға жатпайтын топтар бар. Жүкті әйелдер, емізулі әйелдер, сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалар арасында көп тіркелуде.

Өңірде 141 вакциналау бекеті бар. Жартысы жылжымалы пункттер. Мысалы, мына Кентаудағы автобус толық жабдықталған. Терапевтің кабинетінен бастап зертханаға дейін бар. Мұнда күніне 100 ден астам адам вакцина салдырады.

Марат Мерей, жалпы тәжірибелік дәрігер:

- Өздері келіп жатыр, былай шақырып жатқан жоқпыз, Адамдарға осы жерде тұрамыз деген хабарландыру жасалған. Өздері келіп, еркімен жасатып жатыр.

Түркістан – коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймақтағы жалғыз өңір. Қазір жергілікті ауруханаларда 1838 адам емделіп жатыр.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Самат Нағашыбекұлы

Хабар 24 телеарнасы