Месси «Барселонадан» кетті

Лионель Месси «Барселонамен» қоштасуға мәжбүр. Бұл туралы каталониялық клуб ресми сайтында жариялады.

«Барселона» аргентиналық шабуылшымен жаңа келісім-шарт жасай алмады. Бұған себеп қаржы тапшылығы мен Ла Лигадағы шектеулер.

Месси «Барса» сапында 2000 жылдан бері ойнап келді. Ол каталониялықтармен бірге 10 мәрте Испания чемпионы болған. Бұдан бөлек 7 рет Испания кубогін, тағы осынша рет Суперкубокті, 4 мәрте Чемпиондар лигасын, 3 рет Еуропа Суперкубогін ұтып алған. Биыл маусымның бірі күні тараптар арасында жасалған келісім-шарттың мерзімі аяқталғанын айтып кету керек. Осындан кейін спорт журналистері аргентиналық ойыншы «Манчестер Сити» немесе «Пари Сен-Жермен» клубтарына ауысады деп жарыса жазған еді.