Еркін күрестен Әлішер Ерғали Олимпиаданы ширек финалда аяқтады

Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Олимпиада ойындарын ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалдық жолдаманы түркиялық Сулейман Караденизбен сарапқа салды. Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешіліп, Әлішер Ерғали ұтылып қалды.