Балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиадада жартылай финалға шыға алмады

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарының ширек финалында жеңілді деп хабарлайды Olympic.kz. 

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Токио боз кілеміне шыққан Дәулет Ниязбеков жарыстың екінші айналымында қарсыласына жол берді. Ол үш дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Нажи Алиевпен кездесті. Кездесу 9:1 есебімен аяқталып, Әзербайжан өкілі жартылай финалға шықты. 

Айта кетерлігі, Нажи Алиев финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.