Дәулет Ниязбеков жұбаныш белдесуіне қатысады

Еркін күрестен 65 келіде бақ сынаған Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында жұбаныш белдесуіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz. 

Дәулет жартылай финалда әзірбайжандық Гаджи Әлиевке 1:9 есебімен жол берген болатын. 

Әлиев өз кезегінде турнирдің финалына жолдама алып, үндістандық Баджранг Баджрангты 12:5 есебімен ұтты. 

Осылайша, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алып отыр.