Ольга Рыпакова өзі туралы жалған ақпарат таратпауды өтінді

Ольга Рыпакова өзі туралы жалған ақпарат таратпауды өтінді

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова спорттағы мансабын аяқтамайтынын айтып, жалған ақпарат таратпауды өтінді, деп хабарлайды Хабар 24 Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің бірде-бір жазбамда спорттағы мансабымды аяқтаймын деп жазылған жоқ... Біреу Токио Олимпиадасында үш рет секіруді аяқтағаным туралы ақпаратты таратқаны өте өкінішті», – деп жазды спортшы Instagram-да.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Olga Rypakova (@olgarypakova_official)

Рыпакова үлкен жарыстардан кейін спортшылар әрдайым демалып, қалпына келуі керек, жеңістер мен жеңілістерден кейін келесі кезеңге дайындалу керек екенін айтты.

«Мен де дайындаламын, өйткені кез келген жастағы спортшы үшін жарыс – бұл өнер көрсету мүмкіндігі. Алда биыл да, келесі жылы да қызықты жарыстар бар...

Мен журналистер мен блогерлерден жалған ақпарат таратпауды сұрағым келеді. Менің жанкүйерім спорттағы мансабымды аяқтасам, ол туралы бірінші болып біледі. Себебі мен сіздердің әрқайсыңызды бағалаймын және сіздердің қолдауларыңыз үшін ризамын», – деп қосты спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Instagram желісіндегі парақшасында өзінің олимпиадалық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді деген ақпарат тараған болатын.