Токио-2020: Әлия Юсупова шәкіртінің өнеріне баға берді

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупова шәкірті Алина Әділханованың Олимпиададағы аяқ алысына баға берді деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-уке сілтеме жасап.

«Міне, тағы бір Олимпиада ойындары біз үшін мәресіне жетті. Шыны керек, Олимпида ойындарын басқа жарыстармен мүлде салыстыруға болмайды. Алина қобалжыды. Өйткені, ол өте жауапты спортшы.

Кішігірім қателіктер де кездесті. Спорт болған соң, бұл заңды да. Жалпы алғанда, Алина өзіне қойылған міндетті орындап шықты», – деді бас бапкер. 

Айта кетейік, Алина Әділханова іріктеу кезеңінде 21-ші орын иеленіп, Олимпиаданың финалына өткен жоқ.