Путинцева АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына өте алмады

Юлия Путинцева Сан-Хосе қаласында өтіп жатқан (АҚШ) WTA 500 Mubadala Silicon Valley Classic турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда отандасымыз әлемнің 17-ракеткасы бельгиялық Элиза Мертенске есе жіберді.

1 сағат 57 минутқа созылған кездесу 3:6, 6:7 (8) есебімен аяқталды.