Олимпиада ойындарына қатысы бар тағы 22 адамнан коронавирус анықталды

Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысы бар тағы 22 адамнан коронавирус анықталды.

Бұл туралы жарыс ұйымдастырушылары хабарлады. Олардың мәліметіне сәйкес, вирус жұқтырғандардың арасында спортшылар жоқ. Осылайша, Олимпиадада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 409-ға жетіп отыр.

Айта кетейік, соңғы уақытта Жапонияда коронавирус төңірегіндегі ахуал өте күрделі. Осы аптада бір тәулікте 15 мыңнан астам адам қауіпті инфекцияға шалдыққан. Ал Токиода бірнеше күн қатарынан 4 мыңнан астам тұрғынның вирус жұқтырғаны анықталды. Дерттің дендеуіне байланысты жапон билігі Токиода төтенше жағдай режимін ұзартты. Ол тамыздың 31-іне дейін жалғасады.