Жапониядағы Жазғы олимпиада ойындары аяқталды

Төрткүл дүниенің дүбірлі додасы - Жапониядағы жазғы Олимпиада бүгін аяқталады.

Төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан 83-орыннан ғана көрінді. Шілденің 23-нен жалғасқан сайыста АҚШ алда келе жатыр. Ол қазір 38 алтын, 39 күміс және 33 қоламен жалпы есепте бірінші орынға шықты. 38 алтын, 31 күміс, 18 қола медалімен Қытай 2-ші орынға тұрақтады. Жарыстың қожайыны Жапония болса, 27 алтын, 12 күміс және 17 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр. Ал Қазақстандық құрамасы осы жолы айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Дегенмен, жерлестеріміз 8 қола жүлдені алып берді.

Абыроймен елге оралғандар қатарында дзюдошы Елдос Сметов, зіл теміршілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло бар. Сондай-ақ былғары қолғап шеберлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев және қос каратеші Дархан Исадилов пен Софья Берульцева елге қола жүлдемен оралады.

Токио Олимпиадасының жабылу салтанаты бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де өтеді.