«Барселона» президенті Мессидің қай клубқа ауысатынын айтты

«Барселона» президенті Жоан Лапорта аргентиналық Лионель Месси қай клубқа ауысатыны белгілі болды.

Бұл туралы Tuttomercatoweb сайтына сілтеме жасап, Prosports.kz хабарлайды.

«Месси ПСЖ-ға ауысады. Ол бізбен бірге қалғанын қалап едім, бірақ бұл мүмкін емес. Бар күшімді салдым», - деді Лапорта мадридтік «Реал» президенті Флорентино Перес пен туриндік «Ювентус» президенті Андреа Аньеллимен кешкі ас барысында.

5 тамызда «Барселона» Месси командадан кететінін хабарлаған болатын.