476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токиода Олимпиада ойындарының жаңа рекорды тіркелді

  • 321
  • UPD: 17:41, 08.08.2021
Токиода Олимпиада ойындарының жаңа рекорды тіркелді

Токио Олимпиадасы жалпы Олимпиада ойындарының тарихында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни төртжылдықтың басты бәсекесінде медаль алған Ұлттық Олимпиада комитеттерінің саны бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткен. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді. Оның айтуынша, Токиодағы додада 93 Ұлттық Олимпиада комитеті кем дегенде бір медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, 2020 жылғы ойындарға жалпы саны 205 Ұлттық Олимпиада комитетінің спортшылары қатысты. Одан бөлек, босқындар командасы да өнер көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы