Данияр Елеусінов шаршы алаңға қашан шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) шаршы алаңға қазан айында оралуы мүмкін. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Алиев айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін менеджердің айтуынша, кездесу тамыз не қыркүйек айында өту керек еді. Бірақ жекпе-жектің күні тағы шегерілді. 

«Біз келісіп қойдық десек болады. Қазанның басында. Бірақ біз ресми хабарлағанын күтіп отырмыз. Қазір қарсылас іздеп жатырмыз», – деді Алиев. 

Еске салайық, Елеусінов кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 2020 жылдың 27-қарашасында өткізді. Жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental белбеуі сарапқа салынға бұл айқаста отандасымыз Джулиус Индонгоны жеңген еді. Содан бері Елеусінов әлі шаршы алаңға шыққан жоқ.