Әлішер Ерғалиға жерлестері жаңа автокөлік тарту етті

Қазақстандық балуан Әлішер Ерғалиға жерлестері су жаңа автокөлік тарту етті, деп хабарлайды Хабар 24.

Еске сала кетейік, Токио олимпиадасында еркін күрестен 97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали түркиялық Сулейман Караденизбен кездесті. Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешілген болатын.

Токиодан жүлдесіз қайтса да, жерлестері балуанды жаңа автокөлікпен күтіп алды. Жанкүйерлер жарыстағы төрешілердің шешімімен келіспейтіндерін, кездесуде Әлішердің жеңгенін жеткізді. Осылайша олар жас спортшыға қолдау білдіріп, алдағы жарыстарына жеңіс тіледі.