«Астана» велокомандасы «Вуэльта» жарысына қатысатын құрамын жариялады

Astana – Premier Tech командасы Испаниядағы «Вуэльта» көпкүндігіне қатысатын спортшылар тізімін жария етті, деп жазады Olympic.kz

Аталған веложарыста команда намысын Александр Власов, Йон және Горка Исагирре, Луис Леон Санчес, Омар Фраиле, Оскар Родригес, Алекс Аранбуру, сондай-ақ қазақстандық жас шабандоз Юрий Натаров қорғайды.

«Біз Испанияға мықты құраммен бара жатырмыз. Сондықтан өзімізді жақсы қырымыздан көрсетеміз деген ой бар. Өткен жылғы нәтижені жақсарту үшін жұмыс істейміз. Олимпиададан кейінгі азғантай мерзімде спортшылар қалпына келіп үлгерді.

24 жастағы жас спортшымыз Юрий Натаров «Үлкен турдағы» алғашқы жарысына қатысуға дайын», – дейді команда менеджері Дмитрий Фофонов.