Александр Бублик Торонтодағы турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды

Александр Бублик Канададағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады.

Ол алғашқы кезеңде АҚШ өкілі Даниэль Эвансты ұтты.

Теннис федерациясының мәліметінше, кездесу екі сетке созылып, 6:4. 6:4 есебімен Бублик жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 40 минутқа жалғасқан.

Екінші айналымда Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі.

Екі спортшының өзара кездесуі 10 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.