Шымкентте Олимпиада жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

Каратэден Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Дархан Асаділов пен Софья Берульцева елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанкүйерлер спортшыларды Шымкент әуежайында күтіп алды. Қала басшысы Мұрат Әйтенов каратешілерге алғыс айтып, демеушілер атынан су жаңа көліктердің кілтін табыс етті. Шымкент қаласынан Токиода өткен Олимпиада ойындарына 10 спортшы қатысқан. Каратэден Дархан Асаділов пен Софья Берульцева жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.