Токио-2020: Қазақстан ерекше рейтингке ілікті

Токио олимпиадасы аяқталды. Бірақ оның төңірегіндегі талқылаулар әлі жалғасып жатыр.

Мәселен, ISPORT порталы жазғы ойындардағы қызықты рейтингтерді жариялады. Оған сәйкес, Қазақстан құрамасы ең көп спортшы апарып, бір де бір алтын алмаған құрамалардың алдыңғы үштігінде. Яғни бірінші орында 187 спортшы апарған Аргентина, одан кейін 162 спортшы апарған Мексика елдері орналасса, үшінші сатыда 97 спортшысымен Қазақстан тұр. Ал Dailycoloradonews.com порталының мәліметінше, ұлттық құрама алтынсыз, күміссіз, 8 қола жеңіп алған алғашқы мемлекет екен. Бұндай жағдай олимпиада тарихында болмаған.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 қоламен жалпы медальдық есепте 83-сатыға жайғасты.