Теннисші Бублик Медведевтен жеңілді

Бублик Медведевтен жеңілді.

Канада төрінде теннистен «Мастерс» сериясындағы турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазақстандық Александр Бублик екінші айналымға шығып, әлемдік рейтингте екінші тұрған ресейлік Даниил Медведевпен жолықты.  Кездесу 2 сағатқа созылды және ресейлік теннисшінің басымдығымен аяқталды. Қорытынды есеп – 6:4, 3:6, 6:4.

Айта кетейік, қос спортшы биылдыққа осымен 3-рет кездесіп тұр және үшеуінде де жерлесіміз есе жіберді. Ал тағы бір қазақстандық Елена Рыбакина алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Әйелдер арасындағы бәсеке Канаданың басқа қаласында, яғни Монреалда өтіп жатыр. Елена бірінші кездесуінде ресейлік Людмила Самсоноваға жеңілді.  Қорытынды есеп – 4:6, 7:5, 4:6.