«Челси» УЕФА суперкубогін жеңіп алды

«Ақсүйектер» Ирландияда өткен матчтың пенальти сериясында испаниялық «Вильярреалды» ұтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізгі уақытта қарсыластар бір голдан соқты. Есепті бірінші таймда лондондықтардың жартылай қорғаушысы Хаким Зиеш ашты. Екінші таймда пиренейліктер сапында шабуылшы Жерар Морено есепті теңестірді. Овертаймда қос команда доп соға алмады. Ал пенальти сериясында сәттілік ағылшындардың жағында болды. Томас Тухельдің шәкірттері үшін Суперкубок клуб тарихында осымен екіншісі болды. Біріншісін Челси 1998 жылы жеңіп алғанын айта кету керек.

«Қайрат-Мәскеу» Ресей кубогінің топтық кезеңіне өтті

Мәскеулік «Қайрат» командасы Ресей Кубогінің элиталық топтық кезеңіне өтті. Шешуші матчта «сары-қара» жолақтылар владивостоктық «Динамодан» басым болды. Жалғыз голды қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырёв салды. Топтық кезең 3 турдан тұрады. Әр топта Ресей Премьер-Лигасынан, бірінші және екінші дивизиондардан бір-бір клубтан болады.

Хоккей: «Барыс қарағандылық «Сарыарқаны» жеңе алмады

Хоккейден Қазақстан Президенті кубогында қарағандылық «Сарыарқа» «Барысты» жеңді. Есеп 4:3. Қос команда үшін «Барыс-Аренадағы» матч жаңа маусым алдындағы бірінші ресми кездесу болды. Бірінші кезеңде қонақтар 2:0 есебімен алға шыққан. Елордалық ұжым ойын барысында есепті барынша теңестіруге тырысқанымен қарсыласынан оза алмады. Барыс сапында жаңа ойыншылар Кристиан Томас пен Коди Куник ерекшеленді. Солармен қатар жас шабуылшылар Әли Қасенов пен Алдияр Нұрлан командасы үшін дебют өткізді. Бүгін «Аралар» өскемендік «Торпедомен» кездеседі. Ал Юрий Михайлис шәкірттері қытайлық «Куньлунмен» матч өткізеді.

Сондай-ақ...