Недовесов Германиядағы «Челленджердің» ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов ресейлік Денис Молчановпен бірге Мербуштегі (Германия) «Челленджер» турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің алғашқы матчында Недовесов пен Молчанов словениялық Лукаш Клейн мен канадалық Вашек Поспишилді 7:6, 6:4 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат, 26 минутқа созылды.

Енді турнирдің жартылай финалына шығу үшін олар Антонио Сантиш (Хорватия)/Артем Ситак (Жаңа Зеландия) дуэтімен күш сынасады.