ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 124-орында тұр

Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазды Prosports.kz.

Кезекті рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы 124-орынға (1144 ұпай) жайғасты.

Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1822 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Бразилия (1798 ұпай) мен Франция (1762 ұпай) жайғасқан.

ФИФА рейтингі, 12 тамыз:

1 (1). Бельгия – 1822
2 (3). Бразилия – 1798
3 (2). Франция – 1762
4 (4). Англия – 1753
5 (7). Италия – 1745
6 (8). Аргентина – 1714
7 (6). Испания – 1680
8 (5). Португалия – 1662
9 (11). Мексика – 1658
10 (20). АҚШ – 1648
25 (24). Украина – 1523
124 (122). Қазақстан – 1144.