«Барыс» Қазақстан Президенті кубогында «Торпедоны» жеңді

Елордада хоккейден өткен Қазақстан Президенті кубогының матчында «Барыс» пен Өскемендік «Торпедо» командасы кездесті, деп жазады sports.kz.

Бірінші кезеңде ешқандай шайба салынған жоқ, екіншісінде Коди Куник есеп ашты, ал Эрик Мартинсон оны ұлғайтты, дегенмен Эрик Алдабергенов шиеленістің бетін қайтарған.

Үшінші кезеңнің бірінші минутында Даррен Диц жеңістің кімге бұйыратынын дәлелдегендей болды. Бірақ Максим Худяков Өскемен командасына үміт отын қайта сыйлады. Шиеленіске толы кездесу 4:2 есебімен аяқталды. Жеңіс елордалық команданың еншісінде.

15 тамыз күні сағат 12:00-де «Торпедо» турнирдегі үшінші орын үшін қытайлық «Kunlun Red Star» командасымен ойнайды. Ал сағат 17:00-де «Барыс» қарағандылық «Сарыарқамен» бас кубок үшін таласады.

Сондай-ақ...