«Барселона» Мессиге қарызын келесі жылға дейін қайтарады

«Барселона» аргентиналық шабуылшыға миллиондаған қарызын қайтарады, деп жазады Vesti.kz.

Белгілі болғандай, каталондықтар Мессиге 52 млн еуро қарыз. Жуырда ПСЖ жейдесін киген әлемнің ең үздік ойыншыларының бірі «Барселонаның» келесі жылға дейін қарызын қайтаруына келісімін берген.

Еске салайық, Лионель Месси париждіктермен 2+1 келісімшарты бойынша 30 нөмірмен өнер көрсететін болады.