Токио-2020: Паралимпиада ойындары көрерменсіз өтеді

Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарының ұйымдастырушылары көрермендерді жарысқа кіргізуден бас тарту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы дүйсенбіде Kyodo агенттігі ұйымдастыру комитетіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Жақын арада бұл туралы Жапония үкіметі, Токио әкімшілігі, ойындарды ұйымдастыру комитеті және Халықаралық паралимпиада комитеті өкілдерінің бірлескен отырысында ресми түрде жарияланатын болады деп күтілуде.

Токиода Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.