423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Роналдуға «Манчестер Сити» ұсыныс жасады

  • 145
Роналдуға «Манчестер Сити» ұсыныс жасады Livesport

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың агенті Хорхе Мендеш өз клиентіне Англияның «Манчестер Ситиі» ұсыныс жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Рrosports.kzFootball Italia сайтына сілтеме жасап.

«Ювентус» 30 миллион еуроға португалдықпен қоштасуға дайын екені айтылды. Бұған футболшының келісімшарты бір жылдан кейін аяқталуы себеп.

Сонымен қатар RMC Sport журналисі Лоик Танзи Роналдудың жазда «Пари Сен-Жерменге» ауыспайтынын айтады. Дереккөздің айтуынша, тіпті Килиан Мбаппе Париж клубынан кетсе де, португалдық жазғы трансферлік терезеге ауысатын нұсқа әлі қаралмаған.

Бұған дейін «Ювентус» осы жазда Роналдуды сатуды әлі де жоспарлап жатқаны хабарланған болатын. Туриндік клуб басшылығы оның кетуі команданың жағдайына оң әсер етуі мүмкін деп есептейді. Негізгі мәселе – Роналдуға ұсыныстардың болмауы. Еуропадағы трансферлік терезе 31 тамызға дейін ашық.

Еске салайық, Роналду 2018 жылдан бері туриндік «Ювентус» сапында өнер көрсетеді. 36 жастағы португалдық форвард 29 гол соғып өткен маусымда Италия чемпионатының бомбардирі атанды. Роналдудың итальяндық клубпен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін.

Хабар 24 телеарнасы