425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Талдықорғанда Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

  • 128
  • UPD: 20:22, 17.08.2021
Талдықорғанда Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі додада үшінші орын алған зілтемірші Зульфия Чиншанлоға үш бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол байрақты бәсекеде қос сайыс қорытындысы бойынша 213 келіні еңсерген болатын. Ал, 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, 294 келіні бағындырған Игорь Сонға екі бөлмелі пәтердің сертификаты мен құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар оның жаттықтырушысы Сергей Седовқа екі млн теңге қаржылай сыйақы берілді.

Игорь Сон, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Жарақаттарымды жазып алған соң жаттығуға кірісіп, келер жылы өтетін Азия чемпионатына дайындаламыз. Содан кейін Олимпиадаға қатыссам деймін. Онда бас жүлде алуға менің мүмкіндігім бар деп ойлаймын. Ол үш көп еңбектенуім керек.

Хабар 24 телеарнасы