Кирилл Герасименко үстел теннисінен Германия бундеслигасында бақ сынайды

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко үстел теннисінен Германия Бундеслигасына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Үстел теннисінен германиялық Werder клубы сапында Кирилл Герасименко 22 тамыз күні ойынға қатысады. Отандасымыздың клубы  Zugbrücke командасына қарсы ойнайды.

Кирилл Герасименко Маттиас Фальк (Швеция), Хунор Сеч (Румыния) және Марсело Агирре (Парагвай) сынды теннисшілермен бірге ойнайды. 

Айта кетерлігі, Werder клубы былтырғы маусымды алтыншы орынмен аяқтаған.