Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар анықталды

Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кездесуіне қатысатын футболшыларды анықтады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Қазақстан құрамасы 1 қыркүйекте «Астана Аренада» Украина құрамасымен, ал 4 және 7 қыркүйекте сырт алаңда Финляндия және Босниямен ойнайды.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Щацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе») Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»);

Жартылай қорғаушылар: Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Айдос Тәттібаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Алексей Щеткин («Ротор», Ресей);

Қосалқы құрам:

Қақпашы: Дмитро Непогодов («Астана»);

Қорғаушылар: Михаил Габышев («Шахтер»), Нұрлан Дайыров («Қызыл-Жар СК»), Олжас Керімжанов («Тұран»), Бағдат Қайыров («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Максим Федин («Ақтөбе»), Бауыржан Байтана («Тараз»)

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Роман Мұртазаев («Балтика», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Талғат Байсуфинов – бас бапкер, Игорь Свечников – бас бапкердің көмекшісі, Сергей Калюбин – бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Павел Черепанов – сарапшы, Нұрлан Битүгілов – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Дмитрий Николаев – массажист.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Қазақстан құрамасы ойыншыларының бағасы 17,95 миллион еуроны құрайды.