«Астана» ФК бас директоры Давид Лория қызметінен босатылды

«Астана» футбол клубының бас директоры Давид Лория қызметінен босатылды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

«Астана» клубы бас директорының міндетін атқарушы болып Тастанбек Есентаев тағайындалды.

«Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының шешімімен бұл лауазымды қазақстандық функционер Тастанбек Құтжанұлы Есентаев алды», – деп хабарлады команданың баспасөз қызметі.

Айта кетейік,  Дэвид Лория «Астанада» өткен жылдың қазан айынан бері жұмыс істеді.

Елордалық клуб 19 турдан кейін 41 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде екінші орында тұр. Сонымен бірге елорда клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде еуропалық жарыстан шығып қалды.