Рыбакина АҚШ-тағы теннис турнирінде үшінші айналымға шықты

Рыбакина үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-та теннистен әйелдер арасындағы жарыс жалғасып жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина екінші кездесуінде бельгиялық спортшыны айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:2. Енді Елена ширек финал жолдамасы үшін Испания өкілімен жолығады.

Айта кетейік, бұл жарыстың жалпы жүлде қоры 2 миллион доллардан асады.