Агуэро «Барселонада» Мессидің нөмірінен бас тартты

«Барселонаның» жаңа шабуылшысы аргентиналық Серхио Агуэро отандасы Лионель Мессидің 10-нөмірімен ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды vesti.kz.

Marca-ның мәліметі бойынша, Серхио 19-нөмірді алатын болды.

Айта кетейік, «Барселона» Мессиге құрмет ретінде 10-нөмірді мүлде алып тастамақ болған. Алайда Примера ережелері бұған рұқсат бермеді. 

Агуэро «Манчестер Ситиден» еркін агент ретінде «Барселонаға» шілде айында қосылды. Дегенмен ол жарақатына байланысты маусым басында алаңға шыға алмайды.