Күрестен әлем чемпионаты: Нилуфар Раимова финалға шықты

Қазақстандық балуан Нилуфар Раимова күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Уфада (Ресей) күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатының кезекті күнінде әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде іріктеу сындары аяқталды. Іріктеу жарысының нәтижесі бойынша қазақстандық Нилуфар Раимова финалға шықты. Жартылай финалда ол түркиялық Эльвира Камологлудан 4:2 есебімен ұтты.

Ол жарытлай финалға дейін Белоруссия және Ресей құрамасының спортшыларынан айласын асырды. 

Отандасымыздың финалдағы қарсыласы италиялық Аврора Руссо болады.